«Қарты бар үй – қазыналы үй» деп бекер айтылмаса керек. Даналықтың кілті болып табылатын қарт ата-әжелеріміздің бүгінгі болашаққа берері мол.Ортамызда жүрген ата-әжелеріміздің бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алған. Қазіргі кезде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, елімізде тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы.Үлкендерімізге көңіл бөліп, хал-жағдайларын сұрап тұрудан артық бақыт жоқ екенін ұмытпайық. «Алпамыс» бөбекжайымызда «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Осы мерекеде зейнеткер жастағы қарттарымыз Ильясова Зина Хайруллиновна және Қашқынбаева Сәуле Балтабаевна болды. Бөбекжайымыздың бүлдіршіндері Азима мен Айшаның «Жақсылармен жолығайық» және Айлиннің «Ата - әже» атты әндері шырқалды. Сонымен қатар «Ерқанат» тобының балалары қарт әжелерімізге арнап өздерінің жыр- шумақтарын айтып өтті. Осы мерекеге «Ертөре» тобыныңбүлдіршіндері «Ақ көгершін»,«Ербатыр» тобының бүлдіршіндері «Менің әжем дара» биімен мерекенің сәнін келтірді. Қарттарымыз қаламыздың көркі, ұрпақ тәрбиешісі, ұлт ұйытқысы, салт- дәстүріміздің қайнар көзі, тәрбиенің сарқылмас бұлағы. «Кешірші мені, Ана!» атты көрініс жалғасын тапты. Әр уақытта баламның табанына кірген шөңгір, менің маңдайыма кірсейші дейтін әжелер мен аталарымыз аман болсын.Қариялар өткен-кеткенді еске алып, өскелең ұрпаққа ақылын айтып, ақ батасын берумен болды. Ұжымның дайындаған сый-сияпаты тарту етіліп, мерекелік кездесу кеші өз мәресіне жетті. Ұрпақ үшін тер төккен, біздің осы күнімізге себепкер болған қарттарымызды аялаумен өтейік!