Армысыздар, құрметті қонақтар, ата – аналар! Мектепке дейінгі ұйымдар арасында Қазақстан халқының Тілдері күні қарсаңында балалар және олардың ата – аналарының қатысуымен ана тіліндегі «Менің отбасым» атты шығармашылық байқауына қош келдіңіздер. Ендеше, бүгінгі байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Бүгінгі байқауға қатысушы бүлдіршіндерді қошеметтеп қарсы алайық
1.«Алпамыс» бөбекжайының қатысушысы Мирамбай Диляра Жасуланқызы
2.«Ақбота» бөбекжайының қатысушысы Сейітқасым Айжан Қанатқызы
3.«Балдәурен» бөбекжайының қатысушысы Ахметқали Расул Демеуұлы
4.«Гүлдер» бөбекжайының қатысушысы Иманбай Көзайым Азаматқызы
5.«Золотой ключик» бөбекжайының қатысушысы Мұстафа Айсұлтан Азаматұлы
6.«Раушан» бөбекжайының қатысушысы Хабдислам Көзайым
Жүргізуші: Өнерпаздар өнерлерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып
Бүгінгі байқаудың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар
1.«Арқалық қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптардың әдіскері - Казымова Динара Умирзаковна
2.Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы басшысының міндетін атқарушы - Мергенова Замзагуль Кажмукановна
3.Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының әдіскері - Калиева Азия Набиқызы
Жүргізуші:
Олай болса, қатысушыларымыздың шығу тәртібін жеребе арқылы анықтайық. Бұл жерде 5 қатысушы жеребе таңдайды. Қонақжайлылық танытып біздің бөбекжайымыз соңғы өнер көрсететін болады.
Құрметті әділқазылар, қатысушылардың ұпай сандары өз өнерлеріне байланысты 1 және 3 аралығындағы ұпайлармен бағаланады.
Әділқазылар алқасы қатысушыларға беретін ұпайларыңызды алдарыңыздағы бағалау парағына белгілеп отырсаңыздар. Байқауымыздың соңында қорытынды ұпайлар нәтижесін бірге көретін боламыз
Қатысушы бүлдіршіндерге сәттілік тілей отырып, сайыскерлерімізді дайындалу үшін сахна сыртына шығарып салайық.
(Әже туралы ән қойылады, теледидардан мерейтойға шақыру көрсетіледі)
(Перде ашылады. Әже ортада көрпе құрап отырады)
(Мектеп формасын киген , қолында сөмкесі бар немересі сабақтан келеді)
Немере: Әже не істеп отырсыз?
Әже: Ойнап отырмын
Немере: Туу, әжеее
Әже: Көріп тұрып әдейі сұрайсыңдар ай
Немере: Ойй, әже үлкен мерейтойыңызда сіздің көрпе тігіп отырғаныңыз не?
Әже: Не істейін енді? Тұрып алып билейінбе?
-Мә, мына инені сабақтап бер маған
Немере: Қане, әжетай әкеліңіз сабақтап берейін.
(Телефон шырылдайды)
Немере: Алло, А. Сәлеметсізбе! Қалдарыңыз қалай? Жолда келе жатырмысыздар? Иә, біз үйдеміз, үйдеміз.
Әже: Хабарласып жатқан кім, балам?
Немере: Әже, қаладан мерейтойыңызға келе жатқан балаларыңыз хабарласты, келе жатыр екен.
Әже: Бара ғой, балам. Келінге айт дайындалсын.
Немере: Анашым, анашым!
(Немересі жүгіріп шығып кетеді)
Жүргізуші: Ақ сүті оның өтеусіз жай қалама?
Борышты оған небір дархан дана да!
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге
Ей, адамдар, жол беріңдер анаға
Олай болса, «Раушан» бөбекжайынан келген қатысушымыз Хабдислам Көзайымның отбасымен орындауындағы «Асыл анам» атты ән шашуын қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Монолог «»
Оқитын: «Ақбота» бөбекжайының қатысушысы Сейітқасым Айжан Қанатқызы отбасымен. Қошметтеп қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Ата мен әже тәрбиесінің бала өмірінде алатын орны ерекше. Ондай тәрбиені көрген бала болашақта ізетті, инабатты адам болып өсуіне күмән жоқ. Ендеше, бүгін алдарыңызда ата – әжесімен өнер көрсететін «Гүлдер» бөбекжайынан келген қатысушы Иманбай Көзайым Азаматқызының орындауындағы «Жақсы көрем атамды» әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп
Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы
Көркем сөз: «Күз»
Оқитын: «Золотой ключик» бөбекжайының қатысушысы отбасымен Мұстафа Айсұлтан Азаматұлы. Қошметтеп қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде
Өнерпаздар билейді тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Байқауға келіп тұр бүгін міне
Бишілер өнерлерін көрсетуге
Алдарыңызда «Балдәурен» бөбекжайынан келген қатысушы Ахметқали Расул Демеуұлының отбасымен орындауындағы «Үнді» биін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Арайланса ғалам бар
Ағарып таң атты деп
Бір – біріне адамдар
Айтып жатыр ақ тілек
Адал жақсы ниетпен
Бар адамға бақ тілеп,
Жарып шыққан жүректен
Сөздің бәрі – ақ тілек!
Олай болса, «Алпамыс» бөбекжайының қатысушысы отбасымен Мирамбай Диляра Жасұланқызының орындауындағы «Ақ тілек» әнін қабыл алыңыздар!
Әже:
Қымбатты көрермен! Бүгін өте тамаша байқау өтті. Талабы таудай қатысушыларымызға әділ баға беру үшін әділқазылар алқасына ұпай сандарын сараптауға уақыт береміз.
Әділ қазыларымыз әділ бағаларын саралағанша әсем әнге кезек берейік.
Ән: «Ақ көгершін»
(«Ертөре» тобы қыздарының биімен)
Жүргізуші: Ендеше, қорытынды сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар! Осымен «Менің отбасым» атты шығармашылық сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарды алған жүлделі орындарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыларыңыздан жылулық, бірлік, ынтымақ кетпесін. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар
Мектепке дейінгі ұйымдар арасында Қазақстан халқының Тілдері күні қарсаңында балалар және олардың ата – аналарының қатысуымен ана тіліндегі «Менің отбасым» атты шығармашылық байқауы «Алпамыс» бөбекжайында өтті.
Байқауға «Алпамыс», «Ақбота», «Балдәурен», «Гүлдер», «Золотой ключик», «Раушан» бөбекжайларының бүлдіршіндері қатысты. Байқауда бүлдіршіндер өз отбасыларымен бірге өнер көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.